Арқалық қаласының облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Дархан халықтың дана Абайы» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.
Ұлы Абайдың шығармашылығын жас ұрпаққа таныту маңызды іс. Абай шығармаларын жас ұрпаққа кітап арқылы таныту біздің негізгі мақсатымыз.Өмірде екі түрлі байлық болса , бірі материалдық , екіншісі – рухани байлық. Ал рухани даму – қажеттілік.Бұл байлық адам бойына кітап арқылы дариды. Абай атамыздың өзі айтқандай «Артық ғылым кітапта , Ерінбей оқып көруге»
Аталған іс-шараға арнайы кітап көрмесі дайындалып, зал тақырыпқа сай безендірілді. Ең алдымен кітап көрмесімен таныстырылып, Ұлы ақынның өміржолына шолу жасалды. Сайыс барысында Абайдың аудармалары ішінен «Қарға мен түлкі» мысалын көрермендер арасынан нақышына келтіре оқып шықты. Қазылар алқасының шешімі бойынша Бастауыш гимназияның 4 сынып оқушысы Әбжан Нурикамал «Мәнерлеп оқу шеберлігі» үшін, Ш.Уәлиханов атындағы 6 сынып оқушысы Мешітбаева Гүлнұр «Айрықша таңдау», Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның 5 сынып оқушысы Ибрагим Нұрай «Әртістік шеберлігі» секілді мақтау қағаздарымен марапатталды. Барлық қатысушылар саны 40.
https://arkalyk-ounb2.kz/balalar-b-limi/balalar-b-limi-3/684-11-03-2020-darkhan-khaly-ty-dana-abajy.html#sigProId1db77028d1