"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
10.03.2020 «Сиқырлы сарайдағы кездесу – Встреча в волшебном дворце»

№ 2 облыстық ғылыми-әмбебеп кітапханасының Балалар әдебиеті бөлімінде оқырмандардың асыға күтетін мерекесі «Балалар кітап апталығы» болып өтті. Кітап апталығының жоспары алдын—ала жасалып, бүкіл қала мектептеріне таратылады. Мерекенің басты мақсаты – балаларды кітапханаға тарту және оқушылардың әдеби кітапқа құштарлығын арттыру. Апталықтың әрбір күні белгілі бір тақырыпқа арналды. 

Мерекені 10-13 наурыз аралығында өткіздік. Мерекеге дайындап безендірілген зал, қазақ және орыс тілінде жазылған «Сиқырлы сарайдағы кездесу – Встреча в волшебном дворце» кітап көрмесі ұйымдастырдық.

Кітап апталығын биылғы жылдың алғашқы оқырманы Жақан Нұрислам «Ассалаумағалейкум» әнімен ашып, шашу шашылды. Кітапхана басшысы Қазына Байсабековна құттықтау сөз сөйледі.Орыс тілінде  оқырмандарды айтулы мерекемен мектеп кітапханаларының әдіскері Елена Викторовна құттықтап, оқырмандарға ыстық ықылас, ізгі ниетін білдірді.

Кітапханашылар оқырмандарға «Кітап мұңы» атты көрініс көрсетіп, АрГПИ- ден келген студенттер «Ақшақар мен 7 ергежейлі» атты ертегі әлеміне сапар шектіріп, қойылым көрсетті. Жүргізушілер оқырмандарға сұрақтар қойып, сыйлыққа тәттілер таратты. Кітап көрмесі таныстырылып, әннен шашу шашылды. Кітап Ханшайымы келіп ортаға көркем сөзді нақышына келтіріп оқып, №1 Ш. Уалиханов орта мектебінен келген оқушылар жырдан шашу шашты. Балалар кітап апталығының ашылуына 63 оқырман қатысты. Кітап көрмесіне132 кітап қойылды.