Әрбір ата –ана өз перзентіне ең жақсыны қалайды. Бала өмірде жетістікке қол жеткізу үшін сауатты, білімді болып өсуі шарт, яғни ақпаратқа толы мына әлемде өз-өзіне сенімді болуы қажет.
Ол үшін: баланы кітап оқуға көбірек баулу және ең бастысы балаларға кітапты сүюге көмектесу қажет.Осы мақсатта Арқалық қаласының облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде балалар мен олардың ата- аналарына арнап «Баланы кітап оқуға үйрету» атты бүктеме шығарылды. Бүктемеде баланы жас кезінен кітапты құрметтеуге үйретумен қатар кітапты ұстау жөнінде , балалардың кітапты қаншалықты жиі, әрі ұзақ оқу керегі жөнінде , әрі қай жастан бастап оқу керектігі жөнінде мамандардың кеңестері берілген. Бұл бүктеме ата-аналардың көңілінен шығады деген ойдамыз.