"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Мен биыл біріншімін»  

Ата-бабамыз кітапты ерекше ақылшы ұстаз санаған. «Артық білім-кітапта, ерінбей оқып көруге» деп Абай Құнанбаев атамыз айтпақшы, адам баласы үшін кітап-тілсіз тәрбиеші.

Жылдағы дәстүр бойынша  қаңтардың алғашқы күндерінде № 2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі алғашқы оқырманын қабылдады. Бұл мерекеге орай кітапхана іші безендіріліп, ертегілер әлеміне бүлдіршіндерді саяхатқа шақырды. Оқырмандар алуан түрлі кітаптармен және қиял-ғажайып ертегілер кейіпкерлерімен танысты.

2020 жылдың «Мен биыл біріншімін» деген атаққа Бастауыш гимназияның даярлық сынып оқушысы Жақан Нұрислам Ардақұлы ие болды. Нұрислам кітап оқып қана қоймай, мерекелік іс-шараларда  ән айтып, көзге түсіп жүрген бала. Алдағы уақытта Нұрисламның өнері өрге жүзіп, кітап оқып білімі шындала берсін деп тілеймін.

«Кітапхана – білімнің күншуағы» десек, «Ізденсем, білсем» деген балаға кітапхананың есігі әрқашан да ашық. Кітап – адам баласының ақыл – ойынан туған рухани байлықты сақтап қалатын, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал екенін ұмытпайық. Олай болса, біз кішкентай бүлдіршіндерімізді үнемі компьютер мен ұялы телефонда отырмай, оларды өз мөлшері мен уақытында ғана қолдануға үйретейік. Тіл мәдениетін, сөйлеу мәдениетін жақсы білгіміз келсе «кітап оқиық» дегіміз келеді. Кітапты көбірек оқуға шақырдық.