"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Балалар әдебиетінің бәйтерегі

Балаларға арнап шығарма жазу, сол арқылы кішкентай оқырманның құрметіне бөлену үлкен таланттылықты қажет етеді.

Міне, біздің қазақ балалар әдебиеті де осындай таланттарға кенде емес.  Қазақ балалар әдебиетінің классигі, балалардың ғана емес, ересектердің де сүйікті жазушысы Бердібек Соқпақбаев туралы қазақтың көрнекті ақыны Қадыр Мырзалиев: «Бәріміз де бала болдық. Қазір есейдік, ересек тарттық. Дегенмен, сонау кезіміздегідей пәк емеспіз. Ал сол көңіл-күйімізді айна қатесіз бейнелеген «Менің атым – Қожаны» барлығымыз оқып шықтық. Біз соны жазған Бердібек ағамызға сол кезде-ақ балалық көңілдің Мемлекеттік сыйлығын сыйлап қойғанбыз...», деп жазып еді.

 

Балалар әдебиетінің атасы Бердібек Соқпақбаевтың 95 жылдығына орай Балалар әдебиеті бөлімінінде жазушының «Менің атым Қожа» атты шығармасына оқырман конференциясы өтті. Ш. Уәлиханов атындағы № 1 мектептің 7 «А» сынып оқушылары қатысып ұшқыр ой, ұтымды пікір білдіріп «Менің атым Қожа» шығармасы талданып, кейіпкерлеріне мінездеме бере отырып кең көлемде талданды. Балалар шығарманың диалогтарын жатқа оқып, кино мен кітапты салыстыра ойларын ортаға салды.  Кеш соңыңда оқырмандар мақтау қағаздарымен марапатталып,  А.Құнанбаев атындағы №6 мектеп оқушысы Балтабай Сезім «Балалық шақ» атты әнмен аяқтады.