"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Ұлттық ойын – халық мұрасы»

Облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде «Ұлттық ойын – халық мұрасы» атты эстетикалық ойын – сайыс өткізілді.

 

Мұндағы мақсат: оқырмандарға ата – бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз ұлттық ойын екендігін біліп өсуге, денсаулығын шыңдай түсуге тәрбиелеу.

 

Ұлттық ойындар – ата – бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың маңызы өте зор. Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы да жоқ, болуы да мүмкін емес. Осыған орай , Балалр әдебиеті бөлімінде өткізілген эстетикалық ойын-сайысымызда  оқырмандар түрлі ұлттық ойындар туралы мағлұмат алды. Іс-шара барысында қызықты ойындар ойнатылды. Соңында белсенді оқырмандар сыйлықтармен марапатталды.