Әбділда шығармаларының негізгі үлгісі, жанры – поэзия. Бұл жанрдың ішінде айқын ерекшелігі оның сыршыл, лирик ақын болуында жайлы өткізілді.Табиғатынан ақын болып жаратылған қазақ халқы небір бұлбұл әншілерді, апталап, айлап айтса жағы талмаған ғажайып жыршыларды, жырауларды, дәулескер күйшілерді тудырған ақын. Сол байтақ жыр бағының бел ортасынан нәзік сыршыл әрі ойшыл лирик, әрі тәкаппар, эпик, төңірегіне мәуесін жайған бәйтерек, қазақ ақыны Әбділда Тәжібаевты көреміз.
Поэзия сағатын өткізген мақсатымыз, елімізді қорғаған батыр бабаларымыздың бізге қалдырған аманатындай туған елімізді қорғау, нығайту, табиғатын аялау – бәрімізге парыз. Ақын өлең арқылы жеткізіп, кейінгі ұрпаққа қалдырып отыр. Шоқан Уәлиханов атындағы № 1 орта білім беретін мектептің 3-4 сынып оқушыларынан 47 оқушы қатысты. Ақынның поэзияларын мәнерлеп оқып, белсене қатысқан оқырмандарымызға сыйлықтар берілді.«Сырда туған Сырдың ұлы» атты поэзия сағаты өз деңгейінде өтті. Соңынан кітапханаға 19 оқушы тіркеліп, оқырман санын көбейтті.