"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Ғылым әлеміне саяхат»
Балаларға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектебінің 8-ші сынып оқушыларымен «Ғылым әлеміне саяхат» атты зияткерлік ойын өткізілді. Шара барысында қатысушылар екі топқа бөлініп, түрлі қызықты сұрақтарға жауап беріп, логикалық тапсырмаларды орындап, өз білімдерін сынады. Оқырмандар ғылымның сан қырлы әлеміне саяхат жасап, тапқырлықтары мен ойлау қабілеттерін көрсете білді.