Балаларға қызмет көрсету бөлімінде №7 жалпы білім беретін мектептің 3 «А» сынып оқушыларына «Кітапхана патшалығына шақыру» атты экскурсия өткізілді.
Шара барысында оқушылар кітапхана бөлімдерімен, кітап қорымен және кітапты пайдалану ережелерімен танысты. Сонымен қатар оқушылар «Шебер қолдар» үйірмесіне қатысып, өз қолдарымен бұйымдар жасады.











