"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Қоңырау үнімен»

03.11.2026 ж

№ 2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай «Қоңырау үнімен» атты облыстық әдеби-танымдық диктант ұйымдастырылды. Диктантқа Ш. Уәлиханов атындағы № 1 жалпы білім беретін мектеп пен № 7 жалпы білім беретін мектептің оқушылары қатысты.

Мақсаты – Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен қызметі, әдеби және педагогикалық мұрасы туралы білімдерін кеңейту, сондай-ақ туған өлкенің тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылықтарын арттыру.