"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Балалармен сырласқан сырбаз ақын»
Балаларға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Әнуарбек Дүйсенбиевтің 95 жыл толуына орай А. Байтұрсынұлы атындағы гимназиясының 4 «А» сынып оқушыларымен «Балалармен сырласқан сырбаз ақын» атты әдеби портрет өткізілді. Шара барысында оқырмандар ақынның өмірбаяны мен шығармашылық мұрасымен танысып, оның балаларға арналған өлеңдерінің мәні туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар оқушылар «Ойлан тап!» әдеби викторина, кейіпкерлерді сәйкестендіру «Кім жылдам?»ойындарына қатысып, тапсырмаларды орындады. Ақын шығармаларына библиографиялық шолу жасалынып, оқырмандар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Шара соңында оқушыларға тәттілер таратылып, жақсы көтеріңкі көңіл-күймен аяқталды.