№2 ОҒӘК-ның балаларәдебиеті бөлімінде Ертегілер. «Аладдин және сиқырлы шам»-атты 1-4сынып оқырмандарына арналған дауыстап оқу сабағы өткізілді. Ертегі туралы толық мағлұмат бере отырып, «Аладдин және сиқырлы шам» ертегісінің негізгі ойы түсіндірілді.Ертегі қай уақытта да адам баласын ізгілікке, жақсылыққа, қайырымдылыққа, достыққа тәрбиелейді. Ертегілер оқу барысында оқырманның ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін көтеру, мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру басты міндетіміз болып саналады. «Аладдин және сиқырлы шам» ертегісін дауыстап оқып, мазмұнымен таныстырдық. Балалар дауыстап оқып берген ертегі бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, ертегіні талдау барысында жағымды, жағымсыз кейіпкерлерге мінездеме берді. «Ертегілер елінде»-атты кітап көрмесімен танысты. Іс-шараға №1 Ш.Уәлиханов атындағы атындағы оқушылары қатысып, үлкен қуанышқа кенелді.