«Бәрін таста да, кітап оқуды баста!»
Балаларға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен Ы. Алтынсарин атындағы гимназия жанынан құрылған “Ақжелкен” жазғы сауықтыру лагерінің оқушыларымен «Бәрін таста да, кітап оқуды баста!» атты әдеби-танымдық ойын өткізілді. Іс-шара барысында кітап әлеміне саяхат жасалып, қызықты сұрақтардан құралған ойындар ойнатылды.












