«Табиғат – туып-өскен туған жерім»
Балаларға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен №7 жалпы білім беретін мектеп жанынан құрылған «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің оқушыларымен «Табиғат – туып-өскен туған жерім» атты экологиялық әңгіме өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың туған өлке табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға және аялауға тәрбиелеу, сондай-ақ табиғат туралы білімдерін кеңейту.












