«Сиқырлы чемодандағы кітаптар»
Балаларға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен Ш. Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектептің жанынан құрылған «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің оқушыларымен «Сиқырлы чемодандағы кітаптар» атты ойын-саяхат өткізілді. Іс-шара барысында сиқырлы чемоданның ішінен түрлі ертегілер, әңгімелер мен балалар әдебиетінің қызықты кітаптары ұсынылды. Әрбір кітап балаларды жаңа тапсырмалар орындауға, жұмбақтар шешуге, ойындар ойнауға және кейіпкерлермен кездесуге жетеледі.












