"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Астана – ару қалам, асқақ ордам

02.06.26

«Астана – ару қалам, асқақ ордам»

6 шілде – Астана күніне орай, балаларға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен «Астана – ару қалам, асқақ ордам» атты асфальтқа сурет салу байқауы өтті. Іс-шараға «Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің психоневрологиялық аурулары бар балаларға арналған күндізгі болу бөлімшесінің қызмет алушылары қатысты. Іс-шараның мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру.