«Бала еңбегін қанауға қарсымыз»
Балаларға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен «Бала еңбегін қанауға қарсымыз» атты флешмоб-акция өткізілді. Шараға «Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің психоневрологиялық аурулары бар балаларға арналған күндізгі болу бөлімшесінің қызмет алушылары қатысты.
Іс-шараның мақсаты – бала еңбегін қанаудың алдын алу, балалардың қауіпсіз еңбек ету құқығын насихаттау және қоғам назарын осы маңызды мәселеге аудару. Сонымен қатар, ерекше қажеттіліктері бар балаларды қоғамдық шараларға тарту арқылы олардың әлеуметтік бейімделуіне ықпал етіп, шығармашылық қабілеттерін дамытуға қолдау көрсету.












