"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Жазғы демалыста жақсы кітаппен

«Жазғы демалыста жақсы кітаппен»

«Жазғы демалыста жақсы кітаппен» атты библиодемалыс Жастар саябағында көңілді әрі қызықты өтті.
Іс-шара барысында балалар түрлі ойындарға қатысып, би билеп, қызықты викториналар арқылы өз білімдерін сынады. Ашық аспан аясында өткен библиодемалыс қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй мен жарқын әсер сыйлады.
Шараға «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы жанындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің балалары қатысып белсенділік танытты.