"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Балалық шақ – ертегі, бақытты болсын ертеңі!»

«Балалық шақ – ертегі, бақытты болсын ертеңі!»

Бүгін, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Золотой ключик» бөбекжайында «Балалық шақ – ертегі, бақытты болсын ертеңі!» атты мерекелік думанды шоу ұйымдастырылды. Бүлдіршіндер мерекелік бағдарлама барысында ән шырқап, би билеп, өз өнерлерін көрсетті. Ертегі кейіпкерлері – Лақ, Бақа, Түлкі және Әтеш балалармен қызықты ойындар ойнап, тәттілер таратты. Шараның мақсаты – балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ертегі арқылы достық пен мейірімділік құндылықтарын насихаттау, мерекелік көңіл-күй сыйлау және балалардың құқықтарын қорғаудың маңыздылығын дәріптеу.

Балалардың балалық шағы бақытқа, қуанышқа және жарқын сәттерге толы болсын!