06.05.2026
«Бақыт гүлін терген күн»
Балаларға қызмет көрсету бөлімі 9 мамыр – Жеңіс күніне орай «Бақыт гүлін терген күн» атты ерлік сағатын өткізді. Шараға №2 жалпы білім беретін мектептің 2, 3-сынып оқушылары қатысты. Мақсаты - оқырмандарға Жеңіс күнінің маңызын ұғындыру, ардагерлердің ерлігін құрметтеу және Отанды сүюге тәрбиелеу.












