"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Ынтымағы жарасқан, туған өлкем - Қазақстан»

29.04.2026

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Балаларға қызмет көрсету бөлімінде «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем - Қазақстан» атты этно - квест өткізілді. Шараға «Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ - нің психоневрологиялық аурулары бар балаларға арналған күндізгі болу бөлімшесінің қызмет алушылары қатысты. Іс - шараның мақсаты: балалардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру, елімізде тұрып жатқан түрлі ұлт өкілдерінің мәдениеті мен салт - дәстүрлеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу және олардың әлеуметтік ортаға бейімделуіне ықпал ету.