28.04.2026
Балаларға қызмет көрсету бөлімінде №2 жалпы білім беретін мектептің 2 - сынып оқушыларымен «Денсаулық - саған рахмет!» атты денсаулық сағаты өткізілді. Іс - шараның мақсаты - балаларды тазалық пен ұқыптылыққа баулу, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды үйрету және жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.












