"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Сөз құдіреті»

31.03.2026

31 наурызда Арқалық қаласындағы облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасының балаларға қызмет көрсету бөлімінде XIII Облыстык «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байкауы 12 - 13 жастаы балалар арасында өтті. «Сөз құдіреті» байқауына 14 оқушы қатысты. Байқау - балалар мен жасөспірімдерге арнап жазатын авторлардың прозалық шығармаларынан үзінділерді жатқа орындау бойынша өткізілетін сайыстық шара. Байқау аясында қатысушыларға өздері таңдаған, мектептің әдебиет бағдарламасына кірмейтін прозалық шығармадан үзіндіні қазақ немесе орыс тілінде орындау ұсынылады. Байқау Ұлттық кітап күні мен Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай өткізілді. Байқаудың тақырыбы: «Менің сүйікті кітабым». Байқауға қатысуға арналған қазақстандық авторлардың, сондай - ақ жақын және алыс шетел қаламгерлерінің көркем прозалық әдебиеттерімен шектеледі. Жасөспірімдерге арналған немесе балалар мен жасөспірімдер әдебиеті қатарына енген шығармаларды таңдау құпталады. Байқаудың мақсаты мен міндеттері: прозалық үзінділерді жатқа орындау арқылы кітап оқитын балалардың шығармашылық тұрғыда өзін көрсетуіне жағдай жасау және талантты жас мәнерлеп оқушыларды қолдау және жазушы шығармашылығына, кітап мәдениетіне құрмет көрсету дәстүрін нығайту. Мәнерлеп оқу байқауында екінші орынды А. Құнанбаев атындағы мектеп - гимназия оқушысы Мәлікәждәр Әлихан иеленсе, ал үшінші орынды Кейкі батыр атындағы № 4 жалпы білім беретін мектептің оқушысы Бейбіт Нұрәлі алды. Актерлік шеберлігі мен орындауы жоғары бағаланған Шоқан Уәлиханов атындағы № 1 жалпы білім беретін мектеп оқушысы Азидоллаұлы Алдияр бірінші орынды жеңіп алды. Автор Ақберген Елгезек «Болмаған балалық шақ» шығармасынан үзінді сомдады. Байқауға қатысқан оқырмандарға мақтау қағазы және сыйлықтармен марапатталды. Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет баскармасы, Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында өтетін XIII Облыстық «Сөз құдіреті» байқауына Шоқан Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектептің 6 «А» сынып оқушысы Азидоллаұлы Алдияр жолдама алды. Жеңісің құтты болсын. «Сөз құдіреті» байқауына 27 оқырман көрермен болды.