16.03.2026
Балалар кітап апталығының жалғасы «Нұр себеле,Ұлыстың ұлы күні!» атты фольклорлық мерекеге жалғасты. Іс - шара барысында қатысушылар қазақтың ұлттық ойындарын ойнап, салт - дәстүрімізбен танысты. Атап айтқанда, асық ату, арқан тарту, қол күрес, сақина салу сияқты ұлттық ойындар ойнатылды. Шара барысында қатысушылар ән айтып ,би билеп, мерекенің сәнін келтірді.
15 наурыз - қайырымдылық пен ізгілікке үндейтін күні болғандықтан, мереке соңында қатысушыларға арналған ұлттық тағам түрлері, тәттілер салынған пакеттер таратылып, «Наурыз көжеден» дәм татты. Шараның басты мақсаты - Наурыз мерекесінің мәнін түсіндіру, бірлік пен мейірімділікті насихаттау.












