13.03.2026
Балалар кітап апталығы аясында ұлы ағартушы - педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ балалар әдебиетінің атасы» атты әдеби қонақжай А. Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясының 2 «Б» сынып оқушыларымен өткізілді.
Іс - шараның мақсаты - оқырмандарды жазушының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, оның ағартушылық мұрасын насихаттау және жас ұрпақты кітап оқуға баулу. Әдеби қонақжай барысында оқырмандар Ы. Алтынсариннің өмір жолы туралы мағлұмат алып, «Қазақ балалар әдебиетінің атасы» атты слайдты тамашалап, кітап көрмесімен танысты. «Кел, балалар, оқылық!», «Өнер - білім бар жұрттар» т.б. өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Танымдық ойын «Өлеңді жалғастыр», «Білгір оқырман» викторинасы ұйымдастырылып, оқырмандар белсенділік танытты.












