"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Кел, балалар, оқылық!»

Балаларға қызмет көрсету бөлімінде ұлы ағартушы, қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына орай «Кел, балалар, оқылық!» атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқырмандарды ақын шығармаларымен таныстыру, жас ұрпақты кітап оқуға баулу, көркем сөзді мәнерлеп оқуға уйрету. Сайыс барысында қатысушылар Ы.Алтынсариннің өлеңдері мен тәрбиелік мәні зор шығармаларын мәнерлеп оқып, өз өнерлерін көрсетті. Оқушылардың өнерін қазылар алқасы бағалап, үздіктер анықталды. Жеңімпаздар мен белсенді қатысқан оқушылар мадақтамалармен марапатталып, сыйлықтарға ие болды.
Бұл шара оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, ұлы ағартушының өнегелі мұрасын насихаттауға үлкен мүмкіндік берді.