"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Сиқырлы кітаптардың ғажайып әлемі»

Балаларға қызмет көрсету бөлімінде «Сиқырлы кітаптардың ғажайып әлемі» атты балалар кітап апталығының ашылу салтанаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқырмандарды кітап оқуға баулу, рухани білімге деген қызығушылығын арттыру. Апталықтың ашылуы қызықты кездесулерге, түрлі ойындар мен танымдық шараларға ұласты. Кеш барысында Ы. Алтынсариннің «Мақта қыз бен мысық» ертегісінен әсерлі көрініс қойылып, ән мен биге домбыра мен қобыздың сазды үні қосылып кештің көркін аша түсті. Кітап мерекесіне белсене қатысып, өз білімдері мен өнерлерін көрсеткен оқырмандар тәтті сыйлықтарға ие болып, алғыс хаттармен марапатталды.