"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Кітапқа жол ашылды, ғажайыптар шашылды – Открой книгу ичудеса начнутся»

 Қаламыздың №2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде ең есте қаларлық мерекелік іс-шара «Балалар кітабы апталығы». Биылғы кітап мерекесі «Кітапқа жол ашылды, ғажайыптар шашылды – Открой книгу и чудеса начнутся» тақырыбымен 12-15 наурыз аралығында өтті.

 

 Кітап апталығының жоспары алдын-ала жасалып, бүкіл қала мектептеріне таратылды. Мерекенің басты мақсаты – балалардың назарын кітап оқуға аудару және қызығушылықтарын ояту. Кітапханаға жарнама жасау. Апталықтың әрбір күні белгілі бір тақырыпқа арналды.  Түрлі – түсті етіліп үлкен форматты плакаттар ілінді. Балалар әдебиеті бөлімі орналасқан 1-ші қабаттағы холлда  неше түрлі сурет, ертегі кейіпкерлерімен, гүлдермен, шарлармен безендірілді. Сонымен қатар, тақырыпқа сай кітап көрмесі де   холлда ұйымдастырылды.

 

Кітапхана директоры Борибаева Казына Байсабековна және мектеп кітапханасының әдіскері Уткельбаева Елена Викторовна құттықтап, балалар кітабы апталығын ашты. Кітапханашылар театрландырған қойылымдар қойды. Қосымша білім беру орталығынан  «Қуыршақ театры» үйірмесі «Шалқан», «Әжемнің мерекесі»т.б қойылымдарын көрермен назарына ұсынды. Соңынан көрермен  балаларға сұрақтар қойылып, жауап берген оқушыларға тәттілер таратылды. 

.