18. 02. 2026 ж.
«Кітапхана – достар мекені»
Балаларға қызмет көрсету бөлімінде «Кітапхана – достар мекені» атты экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шараға А. Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясының 0 «Ә» сынып оқушылары қатысты. Оқырмандар кітапхананың бөлімдерімен танысып, жаңа әдебиеттер көрмесін тамашалады.
Кітапхана қызметкерлері кітап қоры, электронды ресурстар, оқырманға көрсетілетін қызмет түрлері туралы мағлұмат берді.
Экскурсия жас оқырмандардың рухани дамуына ықпал етіп, кітапхананың білім мен достықтың ордасы екендігін айқындай түсті.
View the embedded image gallery online at:
https://arkalyk-ounb2.kz/balalar-b-limi/balalar-b-limi-3/4813-kitapkhana-dostar-mekeni.html#sigProId33b7bdeb44
https://arkalyk-ounb2.kz/balalar-b-limi/balalar-b-limi-3/4813-kitapkhana-dostar-mekeni.html#sigProId33b7bdeb44











