Апталықтың екінші күні «Кітап – өмір ұстазы» атты танымдық кеш өткіздік. Кешіміздің мақсаты өлкемізге танымал тұлғалардан жас ұрпаққа берер кеңестерін тыңдап, батасын алу болды. Кешке Арқалық қаласының құрметті азаматы, өнертанушы Шөптібай Байдилдин қатысып, оқырмандарға кітап оқудың пайдасы жайында кеңестер берумен қатар қазақтың ұлттық өнері ою оюдан шеберлігін көрсетті.Сонымен қатар ұлттық ойынымыз «Асық иіру» арқылы таңдалынған викториналық сұрақтарға оқырмандар қызыға жауап берді.
Жалпы осы кеш барысында оқырмандарымызға ұлттық құндылықтарымыз жайында, Елбасымыздың жариялаған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы жайында да әңгіме айтылды.Өйткені,Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілерін , ертегілерін, аңыз –әпсаналарын, қиссаларын жинақтауды ұсынған болатын. Ал, кітап – адамзат баласының сан ғасырлық ақыл-ойының, өткен тарихы мен өмірлік тағылым-танымының алтын сандығы екенін айтып өттік.
Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына болса, кітапхана сол кітаптар тұрағы ғана емес, өлке тарихын сақтаушы мәдени ошақ екенін айтып кешімізді қорытындылап, қатысқан қонақтарымызға кітапхана басшылығы атынан алғыс хаттармен марапаттадық.
https://arkalyk-ounb2.kz/balalar-b-limi/balalar-b-limi-3/481-kitap-mir-stazy.html#sigProIdf882dd0bfd