- 02. 2026
«Ауғанстан – мәңгілік жан жарасы»
Балаларға қызмет көрсету бөлімінде «АяLike» жобасы аясында «Ауғанстан – мәңгілік жан жарасы» атты ерлік сағаты өткізілді. Іс-шараға «Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің күндізгі болу бөлімшесінің тәрбиеленушілері қатысып, Ауған соғысы, оның қаһармандары жайлы ақпарат алып, кітапхана қорындағы Ауған соғысы туралы кітаптармен танысты.











