"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Ана тілі-ата-баба мұрасы»

 

Үшінші күні «Ана тілі-ата-баба мұрасы» атты тәрбие сағаты өтті. Қазақ тілінің 30 жылдығына арналды. Мақсаты оқушыларды  туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелей отырып, үш тұғырлы тілді дәріптеу. Іс шараны қуанышбек Мирас Ассалаумағалейкум әнімен ашса, Мағзум Нүржігіт «Үш бақытым өленін нақышына келтіріп орындады.   Елбасының Үш үғырлы  тіл саясатын ескере отырып, сандықшада жасырылған жұмбақтардың жауабы үш тілде алынды. Мақал-мәтелдін жартысын тауып, адасқан әріптерді тап ойнымен жалғасты.

 

Абай Құнанбаев атындағы № 6 мектептің 4 «А» сынып оқушылары апайлары Клара Масбайқызымен келіп, нақышына келтіріп көркем сөз оқып, күмбірлеген күймен, мың бұралған би билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Кеш соңында әр бір ат салысқан оқырман марапатқа ие болып, тәттілер таратылды.

 

 

.