15 наурыз күні сағ: 15. 00 де «Кітапқа жол ашылды, ғажайыптар шашылды – Открой книгу ичудеса начнутся» атты балалар кітабы апталығының жабылуы болды. Мектеп кітапханашылар қазақтың ұлттық киімімен қарсы алды. Жыл бойына «Үздік оқырман» мен кітабы апталығына белсене атсалысқан оқушыларды марапатады.
Біздің кітап апталығын өткізудегі басты мақсатымыз оқырмандардың тарихымызға, әдебиетімізге, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру, кітапхана қорына түскен жаңа әдеби кітаптарды жарнамалау, өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен шығармашылық қабілетін дамыту.
Балалар үшін қызық пен қуанышқа толы болған бұл күндерде бізбен бірлесе отырып апталықтың әр күніне ат салысқан әріптестеріміз мектеп кітапханашыларына алғысымызды білдірдік.
Балалар кітап апталығынан кейін оқырмандардың саны көбейе түсті. 65 оқушы оқырман болып жазылды. Себебі жаңадан келіп түскен кітаптарға және баспасөз басылымдарға да шолу жасалды. Жаңа кейіпкерлермен танысып, қуанышқа бөленді.
Кітап бәріңнің де мәңгі сенімді достарың, серіктерің болсын. Кітап қадірін білетін жақсы балалар көбейе берсін. Еліміздің болашағы, ертеңі үшін барлық қуат-қайраттарынды оқуға, заман талабына сай терең білім алуға жұмсаңдар. Өмірде бар нәрсе өзгереді, тек кітапхана халық қажетіне жарап, ғасырлар бойы жасамақ. Осы құндалағымыз ешқашан жоғалмай келешек ұрпақ асыл қазынамыздан нәр алып, сусындай берсін.