"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Қазақ даласының алғашқы ұстазы»

04.02.2026

«Қазақ даласының алғашқы ұстазы»

 Балаларға қызмет көрсету бөлімінде қазақтың ұлы ағартушысы, педагог-жазушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай «Қазақ даласының алғашқы ұстазы» атты саяхат көрме ұйымдастырылды. Іс-шараға Ш.Уалиханов атындағы № 1 жалпы білім беретін мектебінің 7 «Б»сынып оқушылары қатысып жазушының өмірі мен ағартушылық қызметі, қазақ балалар әдебиетінің қалыптасуына қосқан өлшеусіз үлесі туралы мағлұмат алды. Көрмеге Ы. Алтынсариннің еңбектері, балаларға арналған әңгімелері мен өлеңдері, ол туралы жазылған әдебиеттер қойылды. Саяхат көрме оқырмандардың кітапқа, білімге деген қызығушылығын арттырып, жас ұрпақты адамгершілікке, еңбекқорлыққа, білімге құштар болуға тәрбиелеуге бағытталды.