"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Қош келдің ,Әз Наурыз!»

Мүмкіндігі шектеулі балалармен  2019 жылдың 19 наурыз күні сағ: 15: «Қош келдің ,Әз Наурыз!» атты фольклорлық мереке өтті.

 

Мерекенің мақсаты: Бүкіл түркі халықтарының ұлық тойы – Наурыз мерекесін ұлттық салт-дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. Мүмкіндігі шектеулі балалармен «Асық ату», «Қол күрес», «Арқан тартыс» қазақтың ұлттық ойындарын ойнадық.  Мерекеге арнап «Наурызым-асыл айым» атты кітап көрмесін ұйымдастырдық Наурыз тойының табиғатын, шығу төркінін, мазмұны мен мәнін, халықтың мәдени-рухани өміріндегі орнын баяндап, қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен қолөнері, ұлттық тағамы туралы насихаттадық.

 

Кітап көрмесінің «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» атты 1-ші бөлімінде халқымыздың ұлттық мерекесі Наурыздың шығу тарихы, жыл басы, жыл қайыру, жыл, ай аттары тәрізді ұлттық құндылықтар туралы әдебиеттер қойылды, 2-ші бөлім «Қазақтың қолөнері - төл өнері» деп аталады. Қолөнер – халықтың ұлттық мұрасы, мәдениеті мен өнерінің айқын көрінісі. Соған орай ұлттық киім, қолөнерге байланысты әдебиеттер ұсынылды. «Халықтың қадір тұтар дастарханы» атты үшінші бөлімде қазақ халқының дастарханы, ұлттық тағамдары туралы басылымдар қойылды. Көрмедегі Наурызнама, Адалбақан, «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Наурызнама», «Ас атасы нан», «Қазақ халқының дәстүрлері той-мереке, сауық-сайран», «Қазақтың ұлттық ойындары», «Қазақтың ұлттық тағамдары», «Қазақтың киіз үйі», Сейіт Кенжеахметовтың «Жеті қазына» кітаптарымен бірге Ұлыстың ұлы күні, Наурыз көже, Әз наурыздың қадірі мен қасиеті т.б кітаптармен мерзімді басылымдар бетіндегі мол мағлұматтар өз халқының мәдениеті мен этнографиясын танып білгісі келетін әркімге пайдасы мол болмақ. Көрмеге 41 кітап, 5 мерзімді басылым мен суреттер қойылды. Көрме наурыз айының аяғына дейін созылмақ.  Мүмкіндігі шектеулі балалар кітап көрмесін де тамашалады.