"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Сен - біздің бірінші оқырмансың!»

05.01.2026

Балаларға қызмет көрсету бөлімінде «Сен - біздің бірінші оқырмансың!» атты жаңа жылдың алғашқы оқырманына арналған танымдық - мерекелік іс - шара өтті. Іс - шара барысында бірінші болып тіркелген оқырман №7 жалпы білім беретін мектебінің 2 «Ә» сынып оқушысы Қанатбай Арланға естелік сыйлықтар табысталып, кітапхана қорындағы жаңа әдебиеттер мен мерзімді басылымдар таныстырылды.

Шара оқырмандардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, кітапханаға тұрақты келушілер қатарын көбейту мақсатында ұйымдастырылды.