"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Кітапты сүй, балалар!»

24.12.2025

Балаларға қызмет көрсету бөлімінде қазақтың көрнекті ақыны, балалар әдебиетінің классигі Өтебай Тұрманжановтың 120 жылдық мерейтойына арналған «Кітапты сүй, балалар!» атты әдеби ертеңгілік өткізілді.

Іс - шараның мақсаты - ақынның өмірі мен шығармашылығын жас оқырмандарға таныстыру, кітапқа деген сүйіспеншілікті арттыру, балаларды өлең оқуға, ізденуге баулу.

Ертеңгілік барысында Ө. Тұрманжановтың өмір жолы мен еңбектері туралы мәлімет беріліп, ақынға арналған кітап көрмесі таныстырылды. Іс - шараға Ш. Уәлиханов атындағы № 1 жалпы білім беретін мектебінің 4 «Ә» сынып оқушылары қатысып, ақынның «Кітап», «Көктем келді», «Жаңбыр», «Қарлығаш» т.б. өлеңдерімен танысып, мәнерлеп оқыды. «Өлеңді жалғастыр», «Табиғат құбылыстарын тап» атты танымдық ойындарға оқырмандар белсене қатысып, өз білімдерін көрсетті.