"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Мейірімділік жүректе»

03.12.2025

Зағип және нашар көретіндерге арналған Санкт - Петербург мемлекеттік арнайы кітапханасы ұйымдастырған «Мейірім эстафетасы» халықаралық фестивалі аясында «Мейірім эстафетасы - 2025» облыстық фестивалі өтуде. Фестивальға қатысушы Арқалық қаласындағы №2 ОӘҒК Балаларға қызмет көрсету бөлімі Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Арқалық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызмет алушыларымен «Мейірімділік жүректе» атты мейірімділік сағатын өткізді. Мақсатымыз - мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік интеграциясы мен әлеуметтік - мәдени бейімделуіне ықпал ететін қолайлы қоғамдық ортаны қалыптастыру және мәдениет мекемесінің мәртебесін әртүрлі санаттағы келушілер үшін қолжетімді кеңістік ретінде ілгерілету.