"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Кітапханада кітап таңда»

06.11.2025

Балаларға қызмет көрсету бөлімінде «Кітапханада кітап таңда» атты танымдық библио - саяхат №7 жалпы білім беретін мектептің 4 «Ә» сынып оқушыларымен өткізілді.

Шараның мақсаты - жас оқырмандарды кітапхана қорымен таныстыру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру және өз бетімен кітапты таңдау мен пайдалану дағдыларын қалыптастыру болды.

Библио - саяхат барысында қатысушыларға жаңа әдебиеттер мен мерзімді басылымдарға шолу жасалды. Танымдық ойындар ойнатылып, балалар өздеріне ұнаған кітаптарды таңдап алды.