"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Кітап. Кітапхана. Кітапханашы»

Балаларға қызмет көрсету бөлімінде оқырмандарға кітаптың, кітапхананың, кітапханашының қоғамдағы рөлін таныту және кітапханашы еңбегіне құрмет білдіру, оқуға деген қызығушылықты арттыру мақсатында

«Кітап. Кітапхана. Кітапханашы» атты әңгіме-саяхат өткізілді.

Іс-шараға А. Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясының 2 «А» сынып оқушылары қатысып, кітапхананың қызмет көрсету бөлімдерімен танысып, кітапхана қоры мен жаңа әдебиеттер көрмесін тамашалады.