24.09.2025
Балаларға қызмет көрсету бөлімінде «Кітап – даналық қазынасы» атты ашық есік күні аясында балалар мен ата - аналардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, отбасылық оқу дәстүрін дәріптеу, «оқитын ұлт» идеясын кеңінен насихаттау мақсатында «Оқитын бала, оқитын отбасы, оқитын ұлт» тақырыбында квест - ойын ұйымдастырылды. Іс - шараға Ш. Уәлиханов атындағы № 1 жалпы білім беретін мектеп ұстазы Ахметова Айнұр Хамитовна 7 «Б» сынып оқушыларымен қатысты.
Квест - ойын барысында оқырмандар әртүрлі кезеңдерден өтіп, әдеби сұрақтарға жауап беріп, «Көңілді геометрия», «Білгір оқырман», «Амандасу әлемі», «Зерек оқырман» атты қызықты ойындарға қатысып, тапсырмалар орындады. Кітап оқу мәдениетінің маңызы дәлелденіп, әр оқырман өзінің тапқырлығы мен білімділігін көрсете білді.
«Оқитын бала, оқитын отбасы, оқитын ұлт» тақырыбындағы кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалынды.