05.09.2025
5 қыркүйек - Қазақстан халықтары тілдері күніне орай, балаларға қызмет көрсету бөлімінде «Аялы алақан» жобасы аясында «Жасай бер, ана тілім - қазақ тілі!» атты көңілді викторина ұйымдастырылды.
Іс - шараға «Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ - нің психоневрологиялық ауруы бар мүгедектігі бар балалардың күндізгі болу бөлімшесінің тәрбиеленушілері қатысып, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызы туралы мағлұмат алды. Оқырмандарды қазақ тілін құрметтеп қастерлеуге тәрбиелеу, ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында өткізілген викторина барысында қатысушылар қызықты сұрақтарға жауап беріп, «Әріптен сөз құра», «Кім жылдам?» атты танымдық ойындарға қатысып, өздерінің тапқырлығын және мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігін көрсетті.