«Балдырған» журналы бүлдіршіндерді имандылық, еңбек сүйгіштікке, отаншылдық рухқа тәрбиелейтін басылым.Оқырман бойындағы ізгілік, инабаттылық қасиеттерін және тіршілікке қажетті дағдылар қалыптастыру болып табылады.
Журнал бетінде қазақ халқының тарихына қатысты шағын ақпараттар, балалардың ой-өрісін кеңейтетін, тілін ұстартып, сөздік қорын байытатын өлең-тақпақтар, ертегі-аңыздар, жаңылтпаштар мен жұмбақтар тұрақты жарияланған. Мақсатымыз, «Балдырған» журналының мектеп оқулықтарына көмекші болып, өсіп келе жатқан қазақ ұрпағына өз ана тілінің мәйегін сіңіріу, өз ұлтының әдебиет арқылы келетін қайталанбас құндылықтарымен сусындату болды. Қызықты библиографиялық сабағымызға оқушылар және оқырман Әже де келіп қатысып, іс-шарамыз өз деңгейінде өтті.
Ендеше, «Балдырған» журналын бүлдіршіндерімізге оқытып, оған үлкен қуаныш, мол рухани байлық сыйлаңыздар ардақты ағайын.