Биылғы балалар әдебиеті бөлімінің оқу залында жылдық 3 бөлімнен тұратын кең көлемді «Қазақстан елі, самғай бер биіктерге – Казахстан – страна устремленная в будущие» атты тарихи кітап көрмесін ұйымдастырдық.
1-бөлім Мемлекетік тіл болып жарияланғанға 30 жыл «Ана тілі- ата баба мұрасы- В родном языке мудрость поколений» Қазақстан Республикасы өзінің егемендігін алғалы бері қазақ тіліміз қанатын кең жайып өсіп, өркендеп келуде. Осыға үлкен үлесін қосқан Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстанда жүргізіп отырған тілдік саясаты әсерін тигізуде. Елбасымыз Қазақстан халықтарына Жолдауында айтылғандай, қазіргі таңда үш тұғырлы тіл мәселесіне айрықша назар аударудамыз деген болатын. Әрине, ең бірінші болып мәреде тұрған туған қазақ тіліміз
2 – бөлімде Ауғанстан -жүректегі жара- Афганстан болит в моей душе» Ауғанстан соғысының аяқталғанына 30 жыл.
Тарих бетіне өзінің қанды ізін қалдырған ауған соғысы Кеңес Одағына абырой да, даңқ та әпермегені белгілі. Саяси болжамдардың құрбаны болған ауған халқына да, басқыншылық әрекетті он жылға тарта уақыт бойы шімірікпестен жүргізген Кеңес Одағы халқына да бұл соғыс қасірет пен қаскөйліктің үлгісі ретінде жүректерге өшпес жара салды. Бұл қанқасап, әсіресе, кеңес билігінің сапында болған мұсылман елдеріне де ауыр сын, үлкен сабақ болғаны хақ. Әрбір ел, әр мемлекет өздерінің ішкі істерін өз ұлты мен халқының пайдасы үшін, игілігі үшін дербес түрде шешуі тиіс екендігін ұқтыратын өмірлік өнеге ретінде де ауған соғысы барша ғаламға нұсқа, барлық билікке мысал болды.
Ауғанстан соғысы туралы шындықты жеткізуді, жауынгерлер мен жас ұрпақ жүрегінде отаншыл рухты оятуды, сондай-ақ, саяси мәселелер соғысу арқылы шешілмейтіндігін насихаттауды мақсат тұтқан аталған көрме келушілерді жылдың аяғына дейін қабылдайтын боламыз.
3-бөлімде «Біз-жасампаз жастармыз!»
Үшінші бөлімде жалын мен жігерді, ізденіс пен талпынысты талап ететін жастық шақта ел болашағы үшін еңбек ету әркімнің міндеті екенін ақпараттайтын материалдар мен кітаптар қойылған. Келешектің іргетасын қалау үшін, ең алдымен сол елдің жастарының саналы ұрпақ болып жетілуіне күш салу керектігін дәлелдейтін бағдарламалар жинағы топтастырылған.
Әрбір жастың алаңсыз, білім нәрімен сусындауына барынша жағдай жасалып жатқаны көрсетілген.
Н.Назарбаев: «Жастардың терең білімі-жарқын болашақтың кепілі деген дәйексөз қойылған.
Қорытындылайтын болсам, ел ертеңі – тәрбиелі жастар мен білімді ұрпақтың қолында. Қазіргі таңда Елбасының салиқалы саясаты арқасында жастарға мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлініп, барлық қажетті жағдай жасалуда. «Жастар жылы» өз мәресіне жеткенімен, жастар саясаты, жастар ісі қыза түспек. Алдымыздағы жоспарларды іске асыруда қашанда Елбасы саясатының төңірегінде топтасып, еліміз үшін аянбай тер төгуде белсенділік танытып, үкілеген үміттің үдесінен шығады деп сенеміз.
Көрме өзінің мақсаты бойынша оқырмандарға жыл бойы мағлұматтар беруге бағытталған.
.