11.08.2025
Балаларға қызмет көрсету бөлімінде ұлы ойшыл, қазақ әдебиетінің алып тұлғасы - Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай танымдық іс - шара ұйымдастырылды. «Абай - ұрпақ жүрегінде» атты саяхат - көрме барысында «Золотой ключик» бөбекжайының бүлдіршіндері қатысып, ақынның рухани мұрасымен танысты. Балалар Абай өлеңдерін тыңдап, ұлы ақынның өнегелі өмір жолынан сыр шертетін кітаптармен танысты.