"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Абай – ұрпақ жүрегінде»

04.08.2025

Балаларға қызмет көрсету бөлімінде ұлы ойшыл, қазақ әдебиетінің алып тұлғасы – Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай танымдық іс-шара ұйымдастырылды. «Абай – ұрпақ жүрегінде» атты саяхат-көрме барысында «Балдырған А» балабақшасының бүлдіршіндері қатысып, ақынның рухани мұрасымен танысты. Балалар Абай өлеңдерін тыңдап, ұлы ақынның өнегелі өмір жолынан сыр шертетін кітаптармен танысты.