14.12.2018
Бүгінгі партада отырған оқушы – ертеңгі азамат, ел патриоты. Сол азаматтардың ең бірінші міндеті – сол елдің іргетасының берік болуына үлес қосу, тәуелсіз елдің патриоты екенін дәлелдеу.
«Егемен елімнің тарихы» атты танымдық кешімізді өткізген мақсатымыз - Тәуелсіздік үшін күрескен желтоқсан құрбандарын еске алу. Соның ішінде Қайрат Рысқұлбековтың өмірі, жасаған ерлігі жайында түсіндіріп, оқушыларға желтоқсан оқиғасы туралы мағлұмат беру. Желтоқсан оқиғасында ел қамын ойлаған ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа, Отанды сүюге тәрбиелеу. Тәуелсіздіктің оңайлықпен келмегені жайында жас ұрпаққа айтып жеткізу болды.
Бүгінде көк байрағымыз көгімізде желбіріп, айбынды әнұранымыз асқақтап, елтаңбамыз төрімізде жарқырап тұруы - осындай өмір үшін жаның пида еткен жас қыршын Қайрат пен Ләззат апаларымыздың көзсіз ерліктерінің арқасы. Бүгінгі мерекелік кеш біз үшін батырға айналған аға-апаларымызды ұмытпай, әрқашан есте сақтау мақсатында болып өтті. Қазақ елі қаймағы бұзылмаған, қонағын құдайындай сыйлайтын, ата-баба дәстүріне берік, үлкенді құрметтей білетін қасиетті елде тұрып жатқанымыз туралы мақтан тұтамыз. Бұл мерекеде Ахмет Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясының 4 «Ә» сынып оқушылары патриоттық әндер шырқап, би биледі. Мерекенің жалғасы іспетті кітапханамызда келесі күні Мүмкіндігі шектеулі жандар қонақ болып, ән шырқап ойын - ойнап, тәуелсіздік туралы өз тілектерін айтып, іс-шарамызға белсене қатысып өз өнерлерін көрсетті.