27.11. 2018ж.
1 желтоқсан СПИД күніне орай №2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі мен Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің қосымша білім беру орталығы мемлекттік мекемісімен бірлесіп өткіздік. Бұл іс-шараға №1, №2, № 3, №5, №6, №8, №10, Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның оқушылары «Ғасыр дертіне жол жоқ!» атты тақырыбында сахналық қойылым қойды.
Іс-шараға жақсы дайындықпен келген мектептерді мадақтама қағазбен марапаттадық.
Атап айтсақ:
1орынды № 2 орта мектебінің оқушылыры.
2 орынды Ы. Алтынсарин атындағы гимназия.
3 орынды № 8 орта мектебінің оқушылары.
Мақсатымыз: СПИД туралы оқушыларға кеңінен ашып көрсету, салауатты өмір сүре білуге тәрбиелеу, шылым шегудің, солардың салдарынан туатын аурулар туралы білімдерін жетілдіру, СПИД-тің адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, қазіргі таңда атының өзі қорқыныш шақыратын қауіпті ауру жер шарында миллиондаған адамдардың өмірін қиып отырғанын ұғындыру. Іс-шараның соңынан «СПИД – болашаққа балта» тақырыбында кітап көрмесіне шолу жасадық.