16.11.2018
Облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде 3-4 сынып аралығындағы оқырмандарға анықтамалық басылымдар туралы мағлұмат берумен қатар, энциклопедия мен сөздіктерді дұрыс пайдалануды үйрету мақсатында «Барлық сұрақтарға жауабын тап» атты анықтама басылымдарға сұрақ –жауап сөресі ұйымдастырдық. Сөреге қордағы энциклопедиялар, сөздіктердің түрлері , танымдық энциклопедиялар қойылды. Оқырмандарға сұрақ-жауап арқылы анықтамалық басылымдарды пайдалану тәртібін түсіндірдік. Балаларға энциклопедиямен жұмыс жасау білімдерін шыңдаумен қатар, өте қызықты болды.