15.11. 2018 ж.
Облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде «Тиыннан теңгеге дейін саяхат» атты экономикалық турнир өтті.
Мақсаты: Оқушыларды тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі — теңгемен таныстыру,төл теңгеміздің шығу тарихы, айналымға ену кезі туралы мағлұматтар беру. Оқушылардың бойына елімізге деген ыстық сүйіспеншілікті, мақтанышты сіңірту. Елін , жерін сүйіп құрмет тұтатын жас жеткіншектерді елжандықа тәрбиелеу. Сұрақтар қойылып, оқырмандар теңгенің маңызы мен қадірі, қажеттілігі жайлы ойларын ортаға салды.
Бұл іс – шарамызға 5-6 сынып оқушылары қатысты.